Биыл Қазақстан-Германия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 31 жыл толды. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесіп, келіссөз жүргізді. Ол екі елде экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.