Германияда мәйіті табылған судья Айгүл Сайлыбаеваның жұбайы мен енесіне Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іздеу туралы хабарламалар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.
Іздестіру бастамашысы – Ішкі істер министрлігі. Жедел-іздестіру шараларын Жетісу облысы Талдықорған полициясы жүргізуде.
Іздеу жарияланғандар: марқұмның күйеуі – Александр Донцов және судьяның енесі – Наталья Донцова. Оларды 2024 жылы Қазақстаннан тыс жерде жасалған адам өлтіру қылмысына қатысты тергеу аясында іздестіріп жатыр.

Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.
Еске салсақ, 2025 жылғы 13 қарашада Ішкі істер министрлігі Германия аумағында қаза тапқан Қазақстан азаматы – судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеу барысына түсініктеме берген еді.