Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Леверкузен қаласындағы химиялық зауытта болған жарылыстан кейін билік халыққа далаға шықпау жөнінде өтініш айтқан, деп жазады iz.ru.
«Известия» басылымы атап өткендей, олар алдағы күндері балаларға көшеде ойнауға, сондай-ақ көше бассейндерін пайдалануға және ауладағы жемістер мен көкөністерді жеуге болмайды деп ескертті.
Бұған дейін хабарланғандай, жарылыс 27 шілдеде Chempark химиялық кәсіпорнында болған.
Жарылыстан кейін өрт шыққан, қызыл жалынды төрт сағат бойы өшіре алмағын. Өрт салдарынан реагенттері бар үш резервуар зақымдалғаны, еріткіштер жанғаны анықталды.
Өрт салдарынан қалаға улы заттардың көп мөлшерде бөлінуіне байланысты төтенше режим енгізілді. Кешке дейін қала тұрғындарынан терезелер мен есіктерді жауып, далаға шықпауды сұрады.
Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 31 адам жарақат алған. Бес адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарланды.
Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр.