Германияда жойқын жарылыс болды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Германияның Леверкузен қаласындағы қоқыс қалдықтарын өртеу зауытында жойқын жарылыс болды.&nbsp;</h4>

 27 Шілде 2021 2021, 17:10
27 Шілде 2021 2021, 17:10
3626

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Леверкузен қаласындағы қоқыс қалдықтарын өртеу зауытында жойқын жарылыс болды. 

Бұл туралы Bild хабарлады.

Оқиға қаланың батыс бөлігінде орналасқан Буррингте орын алған. Билік жағдайға «өте қауіпті» деген баға беріп, елде төтенше жағдай жариялады. 


Аймақтағы жолдар жабылып, тұрғындарға терезелерін ашпауға бұйрық берілді. 

Апаттан зардап шеккендер туралы деректер хабарланған жоқ.

Наверх