Германияда су тасқынынан қаза тапқандар саны күрт өсті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Германиядағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны күрт өсіп, 133 адамға жетті. Бұл туралы Bild газеті хабарлады.</h4>

 17 Шілде 2021 2021, 17:41
17 Шілде 2021 2021, 17:41
1970

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германиядағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны күрт өсіп, 133 адамға жетті. Бұл туралы Bild газеті хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, Рейнланд-Пфальц федералды штатында кем дегенде 90 адам, ал Солтүстік Рейн-Вестфалияда 43 адам мерт болған. Су қалыпты деңгейден 5,75 метрге көтерілген. Бұл елде тіркелген рекордтық көрсеткіш.

Биліктің айтуынша, Кельнге қаласының Эрфтшадт ауданындағы жағдай айтарлықтай қиын. Көптеген үйлер қирап, су астында қалған. Бұл өңірлер бойынша жергілікті билік құрбандар санының әлі де белгісіз екенін айтады.

Айта кетейі , бұған дейін Германияның батысында су тасқынынан қаза тапқандардың саны 100-ге жетті деп хабарланған болатын. Bild баспасының мәлімдеуінше, бұл су тасқыны соңғы бірнеше онжылдықтардағы ең қатерлі апат.

Наверх