Германияның Лейпциг қаласының маңында шолу шеңбері өртеніп, 65 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
DPA агенттігінің мәліметіне сәйкес, 16 адам ауруханаға жатқызылған.
Жергілікті полиция төрт адамды күйік шалып, бір адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ төрт полиция қызметкері зардап шеккен.
Бастапқыда өрт шолу шеңберіндегі кабиналардың бірінде басталып, артынша қалғандарына таралған. Өрттің себебі әлі анықталып жатыр.
Құқық қорғау органдары жағдайды тексеруде.