Германияда полицейлер жеке қоршаудан қашып кеткен жолбарысты атып өлтірді.
Жолбарыс Лейпциг маңында бір адамға шабуыл жасаған.
MDR телерадиокомпаниясының хабарлауынша, полиция дрондардың көмегімен аумақты тексеруді жоспарлап отыр.
Лейпциг маңында қашып кеткен жолбарыс атып өлтірілді. Оған дейін бұл жыртқыш бір адамға тап беріп, оны жаралаған, - делінген хабарламада.
Бұл нысан жануарларды үйретуші (дрессировщик) әйелге тиесілі. Бұған дейін де қадағалаушы органдар тарапынан оның жануарларды ұстау жағдайларына қатысты бірнеше рет ескертулер жасалған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарыстарының үш күшігі дүниеге келгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанға келесі жылы 4 жолбарыс әкелінеді
Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу жоспарына қол қойылды
Іле-Балқаш даласына жолбарыстар қайта оралады