Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роберта Кох атындағы институттың мәліметі бойынша елде орта есепппен тәулігіне 1 489 вирус жұқтыру дерегі тіркеліп отыр, бұл өткен аптамен салыстырғанда - 951-ге төмен.
Коронавируспен күресте мұндай оң нәтижеге қол жеткізудің басты себебі - вакцинация. Эпидемия басталғалы бері Германияда 3 714 969 вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Елдің жалпы халық саны 84 млн шамасында.
Великобритания COVID-19 штаммының жаңадан анықталған белгілерін жариялады. Ғалымдар вирустың клиникалық өту сипатына өзгерістер енгізді. Егер бұған дейін індет жұқтырған жандар қызуы көтеріліп, үздіксіз жөтеліп, дәм мен иіс сезбей қалғанына шағымданса, қазір науқастардың басы ауырып, мұрыны бітеліп, тамағы қарлығатыны расталды.
Айта кетелік, мұндай симптомдарды көпшілік қарапайым суық тию деп ойлап, осы аурудың протоколына сай ем қабылдап келді. Коронавирустың бұл симптомдары оның жеңіл формасына тән екені анықталған, әрі одан дұрыс ем-шара қабылдау арқылы жазылуға болады.