Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бері Германияда алғаш рет инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 150 000-нан асты, апта сайынғы инфекция жұқтыру деңгейі 900-ден асты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Реанимация бөлімшелерінің жүктемесі де артып келеді. Өткен тәулікте вирус жұқтыру жағдайларының саны 164 мыңды құрады (бір күн бұрын – 126 955 және өткен сәрсенбіде 112 323). Осылайша, 21 қаңтарда тіркелген 140 160 бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асып кетті.
Германиядағы коронавирусқа қарсы шектеулерді күшейтудің немесе әлсіретудің ең маңызды критерийі - қарқынды терапия бөлімшелерінің жүктемесі де өсіп келеді, бірақ әлдеқайда төмен қарқынмен.
Медициналық мекемелердің мәліметтері бойынша 100 мың халыққа шаққанда 4,07-ге дейін өсті; екі күн бұрын ол 3,87 болған. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың Рождество кезеңінде ең жоғары деңгейге жетті.