Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия коронавирустың жаңа штамдарына байланысты Ұлыбритания, Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы және Бразилия азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салды, деп хабарлайды ««Хабар 24»».
Ал Чехиямен шекарадағы шектеу наурыздың 17-сіне дейін сақталады. Британдық штамм өршіп тұрған Францияның Мозель аймағынан келушілерге де тәртіп қатаңдатылды.
Германияға кіру үшін көрші ел азаматтары ПТР-тест анықтамасын көрсетуі тиіс. Ал Германияның өзінде британдық штамм тез тарауда.
Қазір ол осы елдегі вирусты жұқтырғандардың 46%-інен анықталып отыр. Бір ай бұрын бұл көрсткіш 6%-ті ғана құраған. Сарапшылар жуық арада британдық штамм басты вирусқа айналып, әсіресе, қарттар үшін қауіпті екенін ескертуде.
Біз жасы 80-нен асқан қарттар арасында вирус жұқтыру қайта өскенін байқап отырмыз. Коронавирустың өзгеріске ұшыраған жаңа түрлерінің ішінде әсіресе, британдық штамм қатты алаңдатады. Бірақ қуанышымызға орай, вакциналардың бұл штамға әсері бар екенін көрсетті, - Роберт Кох атындағы институттың басшысы Лотар Вилер.