Германияда қатаң шектеу шаралары енгізілді

13 Қазан 2020, 14:57
1342
Бөлісу:
Германияда қатаң шектеу шаралары енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирусты жұқтыру деректері артып келеді. Бұған алаңдаған үкімет бүкіл ел аумағында шектеу шараларын күшейтіп жатыр, деп жазды Хабар24. 

Әсіресе күн сайын науқастар саны өсіп жүрген ірі қалаларда қатаң шаралар қолға алынды. Мәселен, бүгіннен бастап Гамбургте көшеде де бетперде тағу міндеттелді. Бұл ережені бұзғандарға 150 еуро мөлшерінде айыппұл салынады. 

Ал Берлинде барлар мен мейрамханалар тек сағат кешкі 11-ге дейін істейтін болды. Тәртіпке бағынбағандарға 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салынады. 

Сондай-ақ, бұл қалада 5 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Бұл жастар арасында вирустың таралуына тосқауыл қоюға арналған шара. Ал өзге өңірлерге жұмыс бабымен немесе саяхаттауға баратын Берлин тұрғындары тестілеуден өтуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы