Германияда халықтың 20%-ы екпе салдырған

6 Маусым 2021, 19:07
1829
Бөлісу:
Германияда халықтың 20%-ы екпе салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір кәрі құрлықта вакциналау қарқыны үдей түскен. Германия халқының 20%-ы, яғни 17 млн адам екпе салдырған. 

Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Одан бөлек, 38 млн тұрғын вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерген. 

Германияда әу баста тек қарт адамдар мен дәрігерлерге ғана екпе салынған. Кейін оларға тәртіп сақшылары, мұғалімдер мен өрт сөндірушілер қосылды. 

Қазір кез келген адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Бірақ ол үшін кезекке тұру керек. Елде Pfizer, Moderna, Astra Zeneca және Джонсон-джонсон екпелері қолданылады. 

Екпенің бірінші дозасын салдырдым. Жақында екіншісін аламын. Егер ерте қамданбасам, қазір кезек күтіп қалар едім. Бұл індеттен вакцина ғана құтқара алады. ЕуроОдақ мақұлдаған екпелерге сенім артамын, - деді Берлин тұрғыны Мириам.

Өзгелердің жаңалығы