Германияда газ бен электр энергия бағасы шектеледі

4 Қараша 2022, 08:50
1000
Бөлісу:
Германияда газ бен электр энергия бағасы шектеледі

Германия үкіметі газ бен электр энергиясына бағаның жоғарғы шегін енгізетін болды. Шешім энергоресурстардың күрт қымбаттауына байланысты қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Хабар 24" жазды.

Оған сай электр энергиясына баға келесі жылдың қаңтар, ал газ құны наурыз айынан бастап шектелмек. Тұтынушылар көгілдір отынның 1 килловат сағаты үшін 12 цент, электр энергиясына 40 цент төлейді. Айта кету керек, Германияда әр екінші үй газбен жылытылады. Билік мемлекеттік бағдарлама тұрғындар мен шағын бизнес өкілдеріне түскен ауыртпалықты азайтады деп отыр. Бұдан бөлек 49 еуроға жеңілдікпен жол жүру ақысын енгізу жоспарланып отыр. Жалпы бағдарламаға 200 миллиард еуро бөлінген. 

Бағалардың тоқтаусыз өсуіне байланысты азаматтарымызға қолдау көрсету өте маңызды. Біз электр энергиясы мен газ бағасын субсидиялау үшін 200 миллиард еуро бөлеміз. Бұл бұрынғы бағаларды қалпына келтірмейді. Бірақ қаржы төлемақылары көп азамтаттарға көмектеседі деп сенеміз. Электр энергиясы бағасын тежеуді де көздеп отырмыз, – дейді Германия канцлері Олаф Щольц.

Өзгелердің жаңалығы