Әлемнің түкпір-түкпірінде маймыл шешегі етек алып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таяуда Вашингтон денсаулық сақтау саласында ауруды төтенше жағдай деп жариялады. Елде бұл дертті жұқтырғандардың саны 6,5 мыңға дейін жеткен. Билік маймыл шешегінің тарлуына қатысты шұғыл шараларды қолға алу керек деп дабыл қағады.
Вирустың ушығуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бұл біздің міндетіміз. Қазір миллионнан астам доза вакцина қолжетімді. Оның 600 мыңнан астамы штаттарға жөнелтілді. Тағы қосымша 5,5 млн доза препаратқа тапсырыс бердік,- дейді Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер.
Германияда жақында 15 пен 17 жастағы екі жасөспірімде маймыл шешегі анықталды. Олар вирусты Штутгарт пен Эрфурт қаласында жұқтырған. Жалпы елдің 16 федералды жерінде бұл диагнозбен 2 мың 700 ден астам науқас тіркелді. Оның 5-еуі ғана әйел адам.
Маймыл шешегі Канада тұрғындары арасында да тез тарауда. Күні бүгінге дейін Қауіпті вирусқа мыңға жуық адам шалдыққан. Ауру әсіресе Онтарио провинциясында ушығып тұр. Тіркелген науқастардың тең жартысы осы аймақ тұрғындары.
Бельгия
Маймыл шешегін жұқтыру қаупі жоғары мыңдаған Бельгиялық азамат вакцина алу үшін Францияға жол тартқан. Мәселен Францияда екпе алу тәртібі Бельгияға қарағанда жеңілдетілген екен.