Германияда автобуста пышақпен шабуыл жасалды

Германияда автобуста жолаушыларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды.

 Bild  басылымы 15 Ақпан 2026, 23:23
15 Ақпан 2026, 23:23
1029
Фото: Bild басылымы

14 ақпан күні кешке Германияның Вупперталь қаласында автобуста жолаушылар арасында жанжал шығып, соңы пышақ қолданумен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Bild жазды.

Оқиға қаладағы карнавалдан қайтып келе жатқан екі топ жолаушы арасында туындаған даудан басталған. Қақтығыс барысында Вупперталь қаласының, бұған дейін полицияға белгілі болған тұрғыны үш адамға шабуыл жасаған.

Салдарынан үш жолаушы жарақат алды. Олардың бірі іш тұсынан пышақ жарақатын алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тағы екі адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Автобус жүргізушісі көлікті дереу тоқтатқан. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, полиция қызметкерлері оны жақын маңнан ұстады. Бұталар арасынан қан іздері бар пышақ табылған.

Кейін күдіктінің уақытша ұстау изоляторында тәртіп бұзып, қарсылық көрсеткені хабарланды. Ол психиатриялық ауруханаға орналастырылған. Қазіргі уақытта денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер істі кісі өлтіруге оқталу бабына қайта саралау мүмкіндігін де қарастырып жатыр.

Наверх