Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Анналена Бербок Латвияға сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бербок Ресейдің Украинаға қарсы әскери қимылдарына қарсы Еуроодақтың өзге елдерін де осындай шара қабылдауға шақырды. Оның айтуынша, Еуропа өз қауіпсіздігін қорғау үшін жаңғыртылатын энергия көздеріне көшу керек.
Германия Ресейдің энергоресустарын импорттаудан толықтай бас тартады. Көмірді импорттау биылғы жаздың соңына дейін тоқтатылады. Ал мұнайды сатып алу жазға дейін 2 есе азайтылып, жыл соңына қарай мүлдем доғарылады. Одан кейін газға қатысты шешімдер қабылданып, артынша еуропалық жол картасын жүзеге асыруға кірісеміз, – деп мәлімдеді Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок.