Германияның алпауыт технологиялық компаниялары Қазақстанның шикізат тәуелділігін азайту, макроэкономикалық тұрақтылық пен инновацияларды дамыту бағытына қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап.
Неміс кәсіпкерлері экономиканы әртараптандыруға арналған қазақстандық жобаларға инвестиция құюға дайын. Бұл туралы Сименс Энерджи компаниясының аға вице-президенті Ариэль Порат меншікті тілшімізге берген сұхбатында мәлімдеді.
Біз көмір қолдану қалдықтарының бір бөлігін азайтып, газға ауысу және баламалы қуат көздерін дамытуға бағытталған Президент Тоқаевтың бастамасын қолдаймыз. Осы саладағы жобаларды іске асыруға қатысқымыз келеді. Қазақстанда жасыл экономиканы дамытуға мүмкіндік бар деп есептейміз,- «Siemens Energy» компаниясының аға вице-президенті Ариэль Порат.