Германия Қазақстан мұнайын күтіп отыр

25 Желтоқсан 2022, 17:33
2019
Бөлісу:
Германия Қазақстан мұнайын күтіп отыр

«ҚазМұнайГаз» басшысы БАҚ өкіліне неміс тарапы жыл сайын 5 млн тонна қара алтын экспортына тапсырыс бергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мағзұм Мырзағалиев экспорттың алғашқы партиясы келер айда Германияның шығысына жөнелтілетінін мәлімдеді. Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 10 млн тоннадан астам шикізатты өңдеуге жетеді. Осылайша зауыт Берлин мен елдің шығыс аймағын отынмен қамтамасыз етеді. 

Мұнда бірнеше мәселе бар:  біріншісі мұнай бағасына байланысты, екіншісі мұнайды басқа порттардан жеткізу керек. Бұған дейін мұнайымызды Новоросийск теңіз порты мен Балтық теңізіндегі  Усть-Луга арқылы жеткізетінбіз. Демек осы порттардағы мұнайды алып, неміс тарапына басқа жолмен жеткізу керек болады. Қазір келіссөздер қызу жүріп жатыр, - деді ол. 

24.kz-тің хабарлауынша, Қазақстан қара алтынды немістерге Каспий құбыр желісі консорциумымен салыстырғанда анағұрлым тиімді шартпен саудаламақ. 

Айта кетейік, бұған дейін Германияның Ресей мұнайынан бас тартып, оны Қазақстан өніміне алмастыратыны жайлы ақпар тараған. 

Өзгелердің жаңалығы