Германия президенті екінші мерзімге қайта сайланды

14 Ақпан 2022, 18:30
2433
Бөлісу:
Германия президенті екінші мерзімге қайта сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда президент Франк-Вальтер Штайнмайер қайта президент болып сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

66 жастағы саясаткерді федералдық жиын мүшелерінің басым бөлігі қолдап дауыс берді. Жоғары лауазымды қызметке тағы 3 үміткер қатысқан еді. Бірақ үш кандидат та тиісті жинай алмай, сайлаудың бірінші турында-ақ жеңіліп қалған. 

Айта кетейік, Франк-Вальтер Штайнмайер тәжірибесі мол саясаткер. Көп жылдар бойы Германияның сыртқы істер министрлігін басқарған ол Германияның Федералдық президенті болып 2017 жылы сайланған болатын. Жергілікті заң бойынша бұл лауазымға тек бір рет қана қайта сайлануға болады. 

Штайнмайер өзінің ұлықтау рәсімінде Украиндағы жағдайға тоқталып, Ресейді мәселені бейбіт келіссөз арқылы шешуге шақырды. 

Мен ешбір партияның құрамында емеспін. Бірақ демкоратияға келгенде бейтараптықты сақтай алмаймын. Қазір Шығыс Еуропаға әскери қақтығыс қауіпі төніп тұр. Осы орайда Ресей президенті Путинді Еуропадағы бейбітшілікті сақтап қалу үшін мәселенің шешімін бірігіп іздеуге шақырамын, - деді Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер.
 

Өзгелердің жаңалығы