Германия канцлері Фридрих Мерц 2021 жылдан бері өзіне қарсы бағытталған жүздеген қорлау сөздерге шағым түсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Die Welt басылымының мәліметі бойынша, канцлер "Германия тарихындағы ең сезімтал саясаткерлердің бірі" деп аталған.
Шамамен 10 адамның мүддесін қорғаған бір адвокат Мерцке қарсы онлайн қорлау мысалдары ретінде "кішкентай нацист" және "жаман маскүнем" сияқты пікірлерді келтірді.