ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Ашхабад қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен көрмеге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Cенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға қатысушылар аграрлық жүйені инновациялық дамыту, тұрақты даму саясаты, сондай-ақ ұлттық заңнаманы жетілдірудегі жас парламентшілердің рөлі және мұнай-газ саласындағы жастардың кадрлық әлеуетінің маңыздылығы мәселелерін талқылады.