"Шаңырақтың" мерекелік саны жарыққа шықты. Бұл жолғы мейманымыз да депутат, Сенаттағы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских болды.
Геннадий Геннадиевичті бұл күнде білмейтін қазақ кем де кем. Мәжілісте депутат бірнеше жылында Шиповских өзінің қазақ тіліне жүйріктігімен, алғырлығымен, әркез елге жанашыр елгезектігімен көзге түсті, халыққа сүйкімді тұлғаға айналды.
"Шаңырақта" айтқан әңгімесінде де сенатор қазақ тілінің жайын, ассамблеяның атқарып жатқан қыруар қызметін, Сенат қабырғасында жасап жатқан көптеген істері туралы баян етті.
Отбасылық өмірі, демалыс сәттері мен бос уақытын өткізу туралы жасырмай айтқан депутат өзінің ашық, жайдары, қазақы қалжыңға да жүйрік екенін көрсетті.
"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.
Еске салсақ, жобаның алдыңғы санындағы қонағы - Ұлттық құрылтай мүшесі Әскер Пириев болды.