Геннадий Головкин Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановты құттықтады

Бөлісу:
Геннадий Головкин Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановты құттықтады
Фото: скрин

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нариман Курбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Курбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін!

Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын! – деп жазылған құттықтау хатта.

Өзгелердің жаңалығы