Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пентагонда Иракта америкалық дипломаттарға шабуыл жасау жоспары болғаны туралы хабарлады. АҚШ барлаушыларының деректеріне қарағанда, шабуыл жоспарын ирандық генерал Касим Сулеймани дайындаған.
Ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берген. Бұл туралы 3 қаңтарда The New York Times хабарлады, деп жазады korrespondent.net.Генерал Сулеймани Ирактағы және осы аймақтағы америкалық дипломаттар мен қызметкерлерге шабуыл жасау жоспарын дайындады. Ол және оның Эль-Кудс арнайы бөлімшесі америкалық және коалициялық қызметтің жүздеген өкілінің өліміне және мыңдаған адамның жарақатына жауапты, - деп келтірді Пентагонның хабарламасын басылым.
Америкалық әскери ведомство бұл соққылар "Иранның алдағы шабуыл жоспарларын тоқтатуға" бағытталғанын хабарлады.
Құрама Штаттар бүкіл әлем бойынша біздің адамдар мен көзқарастарымызды қорғау үшін барлық шараны қолдануды жалғастырады, - деп жазылған Пентагонның хабарламасында.
АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер америкалық база мен аймақтағы қызметкерлеріне шабуыл жасау туралы белгілер табылса, АҚШ Иранның Ирактағы және Сириядағы қолдайтын күштеріне әскерлер соққы беретіні туралы хабарлаған болатын. Осы ескертуден кейін Сулейманиге қарсы операция жүргізілді.
Иранда генерал Сулейманидің қайтыс болғаны расталды. Қаза туралы хабарлау үшін мемлекеттік телеарнадағы бағдарламалардың көрсітілімі тоқтатылды.
Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Бағдаттағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанныңсоққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды. АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.