Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин дайындықты бастап кетті. Бұл туралы ол Instagram желісінде бөлісті.
Жазбада Головкин өз командасы – жаттықтырушысы Кристофер Камачо, ағасы Максим және суперорта салмақтағы Әли Ахмедовтің ортасында тұр.
Жаттығу лагеріне оралған қандай тамаша. Барлығын аман көргеніме қуаныштымын, - деп жазды ол.
Головкиннің келесі жекпе жегі желтоқсан айының соңында Жапонияда өтеді деп күтілуде. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша орташа категориядағы жергілікті әлем чемпионы Риота Мурата болмақ.
Айта кетейік, GGG 2020 жылдың желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ.