«Газпромның» өндірісі қысқарды

2 Тамыз 2022, 19:39
1458
Бөлісу:
«Газпромның» өндірісі қысқарды

«Газпром» компаниясының өндірісі соңғы 7 айда 262,4 млрд текше метрге дейін қысқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылмен салыстырғанда 12 процентке азайған. Энергетикалық компанияның ұсынған мәліметі осындай. Статистика бойынша газға деген әлемдік сұраныс 35 млрд текше метрге қысқарды. 

Көгілдір отынның басым бөлігі Еуропа елдеріне жеткізілмейді. Бұған батыс елдері салған санкциялардың салқыны әсер етті. Энергетикалық дағдарыстың ушығуына Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығыс себеп болды. 

Еуроодақ елдері жыл соңына дейін Ресей газының импортын әлі де қысқартуға ниетті.

Өзгелердің жаңалығы