"Газель жүргізесің": ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы шетелдік университеттерге шақырту алды

Бүгiн, 12:12
571
Бөлісу:
"Газель жүргізесің": ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы шетелдік университеттерге шақырту алды
Фото: instagram.com/erasyl.ualievv

ҰБТ-дан 1 балл алып, елге танымал болған Ерасыл Уәлиев Түркияның бір емес, 10 үздік университетінен шақырту алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерасыл Уәлиев ҰБТ-дан 1 балл алған күні әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған еді.

Бәрі "Ерасыл ҰБТ-дан 1 балл алдың, енді газель жүргізесің" деп айтып жатыр. Бірақ ҰБТ-мен өмір тоқтап қалмайды, - дейді түлек.

Оның сөзінше, әлемге әйгілі тұлғалардың көбі сабағын дұрыс оқымаған, оқуын тастап кеткен. Сондықтан ол тестілеудің маңызы жоқ деп есептейді.

Мен осы арқылы өмірде жетістікке жетуі үшін ҰБТ-ның балы рөл ойнамайтынын дәлелдегім келіп тұр, - деп айтқан еді ол.

Ерасыл Уәлиев шақырту алған университеттердің тізімі:

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыштық техника
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Doğuş University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Beykent University: Актерлік шеберлік
Өзгелердің жаңалығы