Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Газа аумағында іске асырылып жатқан атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу келісімі аясында Израильден тағы 15 палестиндік адамның мүрдесі берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрліктің Telegram-парақшасында жарияланған мәлімдемеде, Қызыл Кресттің халықаралық комитеті арқылы Израильден 15 палестиндік тұтқынның денесі алынғаны айтылған.
Берілген ақпаратқа сәйкес, мәйіттерді сәйкестендіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытқа дейін Израиль тарапынан 330 палестиндік тұтқынның денесі қайтарылған, олардың 97-сі анықталып, жақындарына табысталған.
Газа билігінің мәлімдеуінше, 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу келісімі шеңберінде берілген мәйіттердің денесінде азаптау белгілері анықталған.