Газа секторындағы ҚР азаматтары неге келе алмай отыр? СІМ жауап берді

6 Қараша 2023, 17:18
904
Бөлісу:
Газа секторындағы ҚР азаматтары неге келе алмай отыр? СІМ жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 1 қарашада шетелдік азаматтар мен қос азаматтығы бар палестиналықтарды эвакуациялау басталды. Өкінішке қарай, 4 қарашадан бастап Рафах пункті (Мысыр) арқылы шетелдіктер мен жаралыларды эвакуациялау тоқтатылды, – деді ол.

Смадияровтың айтуынша, Мысыр және Израиль талаптарына сәйкес әр елге Рафах пункті арқылы шетелдіктерге өтуіне белгілі бір күн беріледі.

Мұнда ағымдағы өткізу қабілеті тәулігіне 500-ге жуық адам, сондай-ақ шамамен 45 елдің елшіліктері ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны ескеріледі. Бұл шамамен 7 мың адам, – деді ол министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Дегенмен Смадияров көп мәселе министрліктің жұмысына байланысты емес екенін айтады.

Бұл әскери дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем күресіп жатыр. Біз өз тарамыздан толық дайынбыз. Азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуациялық борт Каирден ұшып шығуға дайын. Шетелде қазақстандықтардың құқығы мен мүддесін қорғау Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің міндеттердің бірі. Алдын алу шараларын қабылдау үшін Таяу шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкінішке қарай оның шиелінісі күрделеніп келеді, – деді СІМ-нің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы