Газа секторында қаза тапқан Израиль әскерлерінің жалпы саны 126-ға жетті. Times of Israel басылымы осылай деп жазды.
БАҚ-тың дерегінше, Газа секторындағы ұрыста тағы төрт сарбаз ажал құшты.
Нәтижесінде Хамасқа қарсы құрлық шабуылы кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 126-ға жетті, - деді Израиль әскери күштері.
Бір күн бұрын 17 желтоқсанда Израиль билігі мен палестиналық Хамас қозғалысы Газа секторындағы бітімгершілікті қалпына келтіруге дайын екендігін білдірді. Қазіргі таңда екі тарап арасында жаңа келісім бойынша бірқатар келіспеушілік бар.