Газа секторында құрбан болғандар саны 41 мыңнан асты

24 Қыркүйек 2024, 01:29
221
Бөлісу:
Газа секторында құрбан болғандар  саны 41 мыңнан асты
Фото: aa.com.tr

Газа секторында израильдық соққыдан қаза тапқан палестиналықтардың саны бір жылдың ішінде 41 455 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анадолу агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл ақпаратты Газа секторындағы палестиналық денсаулық сақтау министрлігі таратқан.

Израиль әскері соңғы тәулікте ғана Газаның түрлі бөлігінде үш жаппай адам өлтіру әрекетін жасап, салдарынан 24 адам көз жұмған. Одан басқа, тағы 60 адам жараланған.

Осылайша, шиеленіс кезінде құрбандыққа ұшырағандардың жалпы саны 95 878 адамға дейін өсті.

Қираған ғимараттар мен жол бойында қалған үй-жайлардың үйіндісінің астында да қайтыс болғандардың денесі бар. Жедел жәрдем бригадасы мен азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері ол жерге көмектесуге кедергі салдарынан жете алмай отыр.

Өзгелердің жаңалығы