Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Газа секторында Израильмен екі жылға созылған әскери қақтығыста 240 журналист қаза тапты

24 Тамыз 2025, 02:38
763
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Газа үкіметінің ақпарат қызметі Израильмен әскери қақтығыс басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері аймақта 240 журналистің қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Middle East Eye басылымы хабарлады.

Газа секторына қарсы қырғын соғыс басталғаннан бері қаза тапқан журналистер саны 240-қа жетті, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, қаза тапқан соңғы адам Палестина телеарнасында оператор болып жұмыс істеген Халед Мұхаммед әл-Мадхун болды. Қайғылы оқиға Газа секторының солтүстігіндегі Зиким бақылау-өткізу пункті маңында Израиль армиясының гуманитарлық қызметкерлерге шабуылын көрсету кезінде орын алды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторына Газа қаласын басып алу және палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысын талқандау операциясын мақұлдау үшін келген.

Өзгелердің жаңалығы