Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 70 мыңнан асты

Бүгiн, 12:13
133
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 70 360-қа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Газа секторына израильдік армияның соңғы 24 сағаттағы шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны тағы 6 адамға өсіп, 2023 жылғы 8 қазаннан бері жалпы 70 360 адамға жетті.

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте ауруханаға 17 жаралы жеткізілген, сондай-ақ 6 палестиндіктің мәйіті әкелінген. Олардың бірі үйінді астынан шығарылған.

Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде қаза тапқан палестиндіктер саны 373-ке жеткен, жараланғандар – 970 адам. Үйінділер астынан 624 адамның денесі табылған.

2023 жылғы қазанда Израиль Газа секторына шабуылды бастағаннан бері жараланғандар саны 171 047 адамға дейін өскен.

Газа секторындағы атысты тоқтату және тұтқындар алмасу келісімі

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қазанда Израиль мен ХАМАС Мысырда өткен келіссөздер барысында Газадағы атысты тоқтатудың алғашқы кезеңін мақұлдағанын мәлімдеді.

Мысырда қол қойылған келісім Израиль үкіметі растағаннан кейін 10 қазанда күшіне енді.

Атысты тоқтату жөніндегі келісімге қарамастан, израиль армиясы әртүрлі себептерді алға тартып, палестиндіктерге уақыт өткен сайын соққы беруді жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы