Газа секторында бір жылда 45 мыңнан астам тұрғын қаза тапты

2 Қаңтар 2025, 23:52
322
Бөлісу:
Газа секторында бір жылда 45 мыңнан астам тұрғын қаза тапты
Фото: pixabay.com

Палестинаның орталық статистика бюросы Газа секторының халық саны 2023 жылғы қазаннан бері 6%-ға қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бюроның сайтындағы мәліметке сәйкес, Палестинада 2023 жылғы 7 қазаннан бері 45 мыңнан астам адам көз жұмса, оның 98%-ы – Газа секторының тұрғындары болып шықты.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Газадағы өлтірілген 45 484 палестиналықтың 17 581-і – балалар мен 12048-і – әйел адамдар. Сондай-ақ 11 мың адам хабар-ошарсыз кеткен.

Деректерге сүйенсек, 2024 жылдың соңындағы Палестина халқының болжалды саны 5,5 млн адамды құрайды, - делінген бюро таратқан ақпаратта.

100 мың палестиналық израильдық қақтығыс басталғалы бері Газа секторынан кетсе, 106 962 азамат 2024 жылдың желтоқсанында жараланған.

Өзгелердің жаңалығы