Газа секторында балаларға полиомиелитке қарсы жаппай екпе салып жатыр

2 Қыркүйек 2024, 08:50
338
Бөлісу:
Газа секторында балаларға полиомиелитке қарсы жаппай екпе салып жатыр
Фото: pixabay.com

Палестиналық денсаулық сақтау органдары мен БҰҰ мекемелері Газа секторында полиомиелитке қарсы вакцинациялауды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АР ұсынған ақпаратқа сәйкес, 4 қыркүйекке дейін Газаның орталық бөлігінде балаларды жаппай егу жүргізіледі. Науқан сенбі күні басталып, 640 мыңға дейін баланы қамтуға бағытталған.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі 72600 бала вакцина алғанын айтқан еді.

Бұған дейін Газа секторында 25 жылда бірінші рет полиомиелит жағдайы анықталды. Полиовирустың іздерін Газаның орталық бөлігіндегі Дейр-эль-Балах қаласында 10 айлық баладан тапқан.

Денсаулық сақтау министрлігі сәбидің ауруға қарсы ешқандай екпе алмағанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы