Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Газа секторында әуеден жасалған соққыдан 74 адам қаза тапты. Куәгерлер не дейді?

Олжас АДАЙ
1 Шілде 2025, 09:55
2192
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

1 шілдеде Израиль әскерінің әуеден жасаған соққысынан  Газа секторында кемінде 74 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі AP news-ке сілтеме жасап.

Газа қаласындағы жағалауға жақын орналасқан "Аль-Бақа" кафесіне соққы тиген. Мұнда ұялы телефондарын қуаттау үшін жиналған әйелдер мен балалар көп болған. Куәгер Али Абу Атейланың айтуынша, шабуыл алдын ала ескертілмеген.

Бір сәтте әскери ұшақ келіп, жер сілкінгендей қатты соққы жасады, – деді ол.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем қызметінің жетекшісі Фарес Авадтың мәліметінше, шабуылдан 30 адам көз жұмды және ондаған адам ауыр жараланды.

Сол күні тағы екі әуе соққысы Газа қаласының басқа көшелерінде тіркеліп, 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Шифа ауруханасы хабарлады. 

Сонымен қатар, Завайда қаласына жақын жерде бір ғимаратқа жасалған шабуылдан тағы 6 адам мерт болған. Бұл мәліметті Аль-Акса ауруханасы растады.

Азық іздеген 11 адам оққа ұшты

Газа секторының оңтүстігінде азық-түлік алуға шыққан палестиналықтардың үстінен оқ жауып, тағы 11 адам қаза тапты. Бұл туралы куәгерлер, аурухана қызметкерлері және Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Хан-Юнис қаласындағы Насер ауруханасына Израиль мен АҚШ қолдайтын гуманитарлық көмек орталығынан қайтып келе жатқан адамдардың мәйіттері жеткізілген. Осыған ұқсас жағдайлар соңғы бір айда жиілеп, гуманитарлық көмекті үлестіру кезінде 500-ден астам палестиналықтың қаза табуына себеп болған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жолы да палестиналықтар GHF (Gaza Humanitarian Foundation) көмегі таратылатын орталықтан қайтып келе жатқанда шабуылға ұшыраған. Олар көмек орталығына жету үшін жалғыз  жолмен жүрген.

Өзгелердің жаңалығы