Газа секторын су басты

Газа аймағында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан кейбір аудандар су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 "Анадолы" агенттігі 18 Қараша 2025 2025, 03:27
18 Қараша 2025 2025, 03:27
700
Фото: "Анадолы" агенттігі

Газа аймағында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан кейбір аудандар су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе Хан-Юнистегі жер аударуға мәжбүр болған тұрғындар үшін қиынға соқты. Олар уақытша лагерлердегі шатырларды жауыннан қорғауға тырысып, арық қазғанымен, нәтиже болмады.

Ал Израиль Газаға қыстық гуманитарлық көмек жеткізу шектелмегенін хабарлады. Алайда гуманитарлық ұйымдардың хабарлауы бойынша, қазір аумаққа келіп жатқан көмек жеткіліксіз. Өйткені күн суытып, Жерорта теңізінен соққан жел үдеп барады.

Азаматтық қорғаныс саласының мамандары палестиналықтарды, әсіресе желдің екпіні қатты, жағалауға жақын аудандарда шатырларын мықтап бекітуге шақырды.

Наверх