Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Газ бен тежегішті шатастырған: Астанада жүргізуші аялдаманы қиратты

5 Қаңтар 2026, 22:25
539
Бөлісу:
 Скриншот
VIDEO
Фото: Скриншот

Астанада Орталық саябақ аумағындағы автотұрақта жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, де хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі кері қозғалысты бастаған сәтте газ бен тежегіш педальдарын шатастырып, нәтижесінде автобус аялдамасының павильонына соғылған. Соққы салдарынан аялдаманың әйнегі сынған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өтеледі.

Полиция департаменті жүргізушілерге көлік құралын басқару кезінде, әсіресе демалыс аймақтары мен адамдар көп шоғырланатын орындарда, барынша мұқият болуды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы