Гавайидағы Мауи аралында орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жетті. Тілсіз жау 12 мыңнан астам тұрғыны бар Лахайна қаласын толық шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ ИнформБюро сайтына сілтеме жасап.
Бұл жердің күлі көке ұшты. Бәрі өртке оранды. Құрбандардың нақты санын, жеке басын анықтау әзірге мүмкін болмай тұр, - деді штат губернаторы Джош Грин.
Оның айтуынша, оқиға салдарынан қанша адам зардап шеккенін анықтауға 10 күндей уақыт кетеді.
Бүгінде құтқару қызметі қызыл жалынға орнаған аумақтың 25 пайызын ғана бақылап үлгерген. Көрсеткіш көңіл құлазытады. Күн сайын 10-20 өрт құрбаны анықталып жатыр.