Гавай аралында әлемдегі ең биік жанартау оянды

27 Наурыз 2025, 01:21
921
Бөлісу:
Гавай аралында әлемдегі ең биік жанартау оянды
Фото: Anadolu Agency

Гавай аралдарында әлемдегі ең биік Килауэа жанартауы атқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жанартаудың биіктігі 50-ден 100 метрге дейін жетеді.

АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) жанартау атқылауының он бесінші фазасына жеткенін мәлімдеді.

Жанартау кратерінің солтүстік өзегі 5-тен 10 минут арақашықтықпен атқылаған соң оңтүстік өзек те іске қосылған.

Елдің геологиялық қызметі өзектің ағындары кратердің, яғни жанартаудың аузының шамамен 5 пайызын жабады деп отыр.

Еске салайық, 2024 жылы желтоқсаннан бері Килауэа жанартауынан 15 рет жанартау сұйықтығы – лава атқылаған болатын.

Жанартаудың ең қысқа атқылауы 13 сағатқа созылса, ең ұзағы – 8 күнге жалғасқан.

Өзгелердің жаңалығы