ОСК алдын ала қорытындылары бойынша Қостанай облысынан ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлаудың алдын ала қорытындылары айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенатқа депутаттыққа үш кандидат тіркелді. Олар Қостанай №2 емханасының бас дәрігері Самат Шуменбаев, "Аманат" партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Күйшинова және облыс әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов.
Қостанай облыстық сайлау аумақтық комиссиясының төрағасы Александр Малашконың айтуынша, дауыстарды санау қорытындысы бойынша, сайлаушылардың жалпы саны - 263, сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер саны - 266.
Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылар саны-255. Әр депутат үшін берілген дауыстар саны: Жанар Күйшинова -17, Гауез Нұрмұхамбетов - 212, Самат Шүменбаев-22 дауыс жинады.