Гастролер-ұрылар елордалық ломбардта қолға түсті

Бөлісу:
Гастролер-ұрылар елордалық ломбардта қолға түсті
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Полицейлер гастролер-ұрыларды елордалық ломбардта ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

5 ақпанда Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының Ижевское ауылында пәтер ұрлығы болды. Күдікті 780 мың теңгеден астам сомадағы алтын әшекейлерді үй иесі үйден шыққан кезде 30 минут ішінде шығарып үлгерген. 

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, болжамды ұрыларды ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда кездестірген, бірақ өзі олардың құрбанына айналамын деп ойламаған. 

Кейінірек жедел уәкілдердің айтуынша, гастролер-ұрылар біраз уақыт үйді бақылап жүрген. Үй иесінің есікті құлыптамай шығуын күтіп, үйге ақырын кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Жеке заттарының жоғалғанын анықтаған ақмолалық әйел дереу полицияға арыз жазған. 

Осы факті бойынша Аршалы ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. 

Камераларды қараған кезде полицейлер күні бойы ауылда серуендеп, біртүрлі әрекет еткен ер мен әйелді байқаған. Кейінгі жедел жұмыс барысында қатысушылардың жеке басы анықталды. Ал 6 ақпанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұрлаған бұйымдарын ломбардтқа өткізіп жатқан сәтте ұстады. 

Қазіргі уақытта қолға түскен ер адам мен әйелдің бірге тұратыны және Астана қаласында тағы бір осындай ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды. Бұл нұсқа елордалық полицейлермен бірге тексеріледі. 

Тергеу жүргізу кезеңінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы