Елімізге ірі көлемде «гашиш» енгізбек болған азамат ұсталды

20 Тамыз 2019, 21:15
2189
Бөлісу:
Елімізге ірі көлемде «гашиш» енгізбек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордайда елімізге енгізілмек болған ірі көлемдегі «гашиш» есірткісінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.  

"ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жауапкершілік аумағында заңсыз есірткі айналымына, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен өңдеуге, есірткі және психотпроптық заттар, есірткі шикізаттары контрабандасына қарсы жүргізіліп жатқан «Көкнәр-2019» арнайы жедел-алдын алу шараларының шеңберінде «Оңтүстік» Өңірлік басқармасына қарасты «Қордай» тексеріп-өткізу пункітінде ірі көлемді «гашиш» есірткісін елімізге алып кіруге талпынған қазақстандық ұсталды", - делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасы аумағынан Қазақстанға қарай өтпек болып тексеру алаңына келген Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі төлқұжаттық тексеруден өтіп болғаннан кейін ұсталды. Шекарашылардың «Найхат» атты арнайы есірткі заттарын іздеуге үйретілген иті көліктің жүксалғышын меңзеді.

Автокөлік жүргізушісі көлігін терең тексеруден өткізуге үзілді-кесілді қарсы болғанымен шекарашылардың талабына бой ұсынуына тура келді. «Сезікті секірер» демекші, онысы бекер емес екен, азаматтың жеке жүктерінің арасынан шекарашылар 20 кг-ға жуық өзіндік иісі бар, қошқыл жасыл түсті, өсімдік текті зат («гашиш» есірткісі болуы мүмкін) тауып алды. Тексеру жұмыстары жалғастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы