Елордадағы "Гарант" тұрғын кешені жазда тапсырылады

12 Наурыз 2020, 07:23
1596
Бөлісу:
Елордадағы "Гарант" тұрғын кешені жазда тапсырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы "Гарант" тұрғын кешені жазда тапсырылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

 Елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелері қиылысында орналасқан "Гарант" тұрғын кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бұл тұрғын кешеннің құрылысы 2011 жылы басталған. Алайда 2015 жылдан бастап проблемалық үйлердің санатында тұрған. Қазіргі таңда осы нысанда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта кешен аумағында абаттандыру жұмыстары да басталмақ.

Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Президенттің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.



Өзгелердің жаңалығы