Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Кеше, 20:34
281
Бөлісу:
Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шалғай ауылдарының педагогтерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шарада қатысушылар "Ауыл мектебі – сапа алаңы" республикалық жобасын қорытындылап, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қатысушылардың бірі Жамбыл облысы Төле Би ауылындағы Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің жас мұғалімі Бексұлтан Бақыт. Оның әлеуметтік желілерде жариялаған ауыл мектебінің күнделікті өмірі туралы бейнетаспалары миллиондаған қаралымға ие.

Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Оның айтуынша, көптеген идеяларды жүзеге асыруына ауыл мектептеріндегі интернет сапасының жақсаруы ықпал еткен.

Біз Президенттің ұстаздарға деген қамқорлығын сезінудеміз. Менің әріптестерім оқытуда әртүрлі креативті әдістерді қолданады, бірақ мұның бәрі интернеттің жылдамдығының арқасында жүзеге асуда. Бейнероликтерімде мен өз мамандығымның маңыздылығын жеткізуге және әр оқушымен ортақ тіл табудың қаншалықты рөл атқаратынын көрсетуге тырысамын, - дейді Бексұлтан Бақыт.

Сондай-ақ, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Сәдуханов та өз ойымен бөлісті.

Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Жас педагог оқытушылықты шығармашылықпен үйлестіріп жүр. Ол халықаралық жобаларға қатысып, Голливудтың бірқатар танымал әртістерінің саунд-продюсері болды.

Кездесуге қатысушылар өздерінің жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың ауылдық мектептерде білім беру сапасын жақсартуға қалайша ықпал еткенін талқылады.

Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері министрік қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға, инфрақұрылымды жақсартуға және ауылдық мектептерде кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған"«Ауыл мектебі – сапа алаңы" республикалық жобасын іске қосты.

Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Мемлекет педагогтерді қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру үшін орасан зор шаралар қабылдауда. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның қорытындысы бойынша бір жыл ішінде ауылдық мектептердегі білім сапасы орта есеппен 7-9%-ға өсті, ал республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге жуық өсті. Жыл сайын 1000-нан астам ауылдық мектеп жаңғыртудан өтуде. 1300 мектепті жаңарту жұмыстары басталды, оның 900-ге жуығы ауылдық жерлерде орналасқан, - деді Ғани Бейсембаев.

Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Кездесу соңында білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар педагогтер ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мектеп бар, олардың 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы