Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гандболдан әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің қорытындысы жарияланды.
Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты Қазақстанда бұқаралық спорт шараларын ұйымдастыруға тыйым салынды.
Осылайша, ел біріншілігінің 28-айналымынан соң бірінші орында келе жатқан «Астана» гандбол клубы екінші рет чемпион атанды. Екінші орында «Қайсар-Кам-Кгу», үшінші орында «Қазығұрт» командалары.