Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда гандболдан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны қойылды. Ал қазақстандық спортшылар қазіргі әнұранды өздері айтып шықты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан чемпионатқа қатысушыларға алғысын білдіріп, Facebook-тегі парақшасында жазды.
Гандболдан Испанияда әйелдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Осы біріншілікте өнер көрсетіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасындағы айымдарға АЛҒЫС! Әлем біріншілігін ұйымдастырушы ел қателесіп ескі әнұранды қойды… ал қыздарымыз қазақ елінің мемлекеттік гимнін қасқайып тұрып өз дауыстарымен орындап шықты, – деп жазады журналист.
Қазақстан қыздар құрамасы бүгін түнде үшінші ойында Иран спортшыларына қарсы шықты. Нәтижесінде қыздар қарсыласын 31:25 есебімен жеңіп, жарыстың негізгі сатысына шықты.
Бұдан бұрын ұлттық құрама Норвегия мен Румыняға жіберді. Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өтеді. Додаға барлығы 32 құрама қатысып жатыр.