Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Гамбург портынан 400 келіден астам есірткі тәркіленді

14 Қыркүйек 2025, 15:18
640
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Германияның Гамбург қаласындағы контейнер терминалында 400 келіден астам кокаин тәркіленді. Бұл жөнінде полиция мен кеден қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ға сілтеме жасап.

Гамбург кедендік тергеу басқармасының баспасөз хатшысы ақпаратты растаған.

O’Swaldkai контейнерлік терминалында екі күдікті ұсталды. NDR телекомпаниясының және Hamburger Morgenpost газетінің хабарлауынша, порт жұмысшылары спорттық сөмкелерді фургонға тиеп жатқан екі ер адамды байқап қалған. Олар порт қызметкерлері болмағандықтан, докерлер күзет қызметіне хабар берген. Тексеру кезінде сөмкелердің саны 20-дан асады деген болжам жасалған.

Күдіктілердің бірі бірден ұсталды. Ал екіншісі тек дабыл жарияланып, порт аумағы қоршалғаннан кейін қолға түсті. Іздеу жұмыстарына полиция тікұшағы да жұмылдырылды.

Гамбург – Германиядағы ең ірі теңіз порты әрі Еуропадағы үшінші орынға ие (Роттердам мен Антверпеннен кейін). Мұнда тәулігіне 23 мыңнан астам теңіз контейнері өңделеді. Қала Еуропаға кокаин жеткізілетін негізгі орталықтардың бірі саналады.

Өзгелердің жаңалығы