Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болған.
Әйел мұғалімдер туралы.
Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған (TALIS-2018) 80% жуық.
ЭЫДҰ сарапшыларының айтуынша, көптеген елде әйел мұғалімдер ер мұғалімдерге қарағанда мамандық таңдауды саналы түрде жасаған. Мысалы, қазақстандық әйел мұғалімдердің 76%-ы болашақ мамандықты таңдаған кезде педагог мамандығына басымдық берілгенін айтқан.
Сондай-ақ қыздар оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шықты. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті «бұзды». PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.
Басқа зерттеулердің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сынып қыздарының ұлдарға қарағанда оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті. Немесе кемінде математика мен ғылымда бірдей жетістіктерді көрсетеді.
Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі мамандықтар бойынша жоғары білім алады:
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;
Өнер және гуманитарлық ғылымдар - 71%;
Педагогикалық ғылымдар - 70%;
4. Жаратылыстану, математика және статистика - 68%.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гендерлік теңдік белгіленді:
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%;
Бизнес, менеджмент және құқық - 48%.
Ал қыздар көп бармайтын салалар мыналар:
Техникалық ғылымдар мен технологиялар – 31,6%;
АКТ - 30%;
Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 28,7%.