Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының ғалымдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұрат Жұрынов Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының ғалымдарымен кездесу барысында ғылымның жаңа да әділетті Қазақстан құрудағы ролі мен маңызына тоқталды.
Кездесудің мақсаты — практикалық қызметті жақсартуға ықпал ететін ғылыми әлеуетті дамытудың заманауи тәсілдерін талқылау болды.
Сондай ақ сөз сөйлеген Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков ғалым Мұрат Жұрыновты Алматы академиясына енгізіліп жатқан жобалармен және ғылыми зерттеулермен таныстырып, Академияда ішкі істер министрлігінің дағдарыс жағдайлары кезінде шешу жолдарын табуға, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіруге көмектесетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлетінін атап өтті.
Мұрат Жұрынұлы гранттық қаржыландыру шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Аталған кездесу Академия ғалымдары үшін маңызы зор кездесу болды.